Жаңалықтар

Әйелге айналған спортшы чемпиондық атағынан айрылуы мүмкін

ашық дереккөзі

Әйелге айналған спортшы чемпиондық атағынан айрылуы мүмкін

1976 жылы Монреальда өткен Олимпиадада онсайыстан чемпион атанған Брюс Дженер чемпиондық атағынан да, алтын медалінен де айырылуы мүмкін. Оған 65 жастағы спорт шеберінің жынысын ауыстыруы себеп. Араға 39 жыл салып әйелге айналған Брюс есімін де өзгерткен. Қазір оның аты – Кейтлин. Чемпионның әйелге айналғанына екі аптаның шамасы болған. Оның бұл қылығы жанкүйерлерінің ашуын тудырды. Арасында Халықаралық олимпиада комитетіне шағым түсіріп, Дженерді алтыннан шұғыл шектеуді талап еткендер де бар. Брюсті АҚШ-тың белгілі спорт және өнер жұлдыздары да табалалауда. Брюс Дженер 1976 жылы Монреальда Олимпиадасында жеңімпаз атанып қоймай, сол жолы әлем рекордын да жаңартқан еді. Спортшының 3 некеден 6 баласы бар екен. Соңғысы – әйгілі голлувудтық Кардашьяндар отбасы. АҚШ бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Кейтлинге айналу үшін Дженер хирургиялық қана емес, гормоналдық та өзгерістер жасатқан көрінеді.