Жаңалықтар

Дариға Назарбаева: «Орыс тілін ешкім алып тастаған жоқ»

ашық дереккөзі

Дариға Назарбаева: «Орыс тілін ешкім алып тастаған жоқ»

Парламент сенатының халықаралық қатынас, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитеттің төрайымы Дариға Назарбаева Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевтың атына депутаттық сауалын орын тілінде жолдап, ресми тіл үшін алаңдаудың қажеті жоқ екенін айтты. «Орыс тілін ешкім алып тастаған жоқ, мен депутаттық сауалымды қай тілде ыңғайлы, сол тілде жасадым»,- деді Дариға Назарбаева журналистер сұрағына жауап беріп. «Біз бәріміз президенттің [Назарбаев] тапсырмасын орындауға тырысамыз. Ешкім әлі орыс тілін алып тастаған жоқ, бұл мүмкін болмайды да»,- деді Дариға Назарбаева. «Парламент және үкіметтің жұмысы мемлекеттік тілде жүзеге асуы тиіс. Бұл мәселеде азаматтардың құқығын бұзуға да болмайды. Бұл үшін ілеспе аударма бар»,- деп мәлімдеген еді Назарбаев Астанада ақпарат және байланыс министрі Дәурен Абаевпен кездесу кезінде. 27 ақпанда Қазақстанның ақпарат және байланыс министрі Дәурен Абаев журналистерге үкімет және парламент отырыстарының жұмысы қазақ тіліне өту "асыра сілтеусіз" өтетінін мәлімдеді. «Мемлекет басшысы біз үкімет және парламент мемлекеттік тілде сөйлейтін жағдайға келуіміз керек деді. Онда "тек" деген сөз айтылған жоқ»,- деді Абаев.