Жаңалықтар

Тұмаудан 50 адам қайтыс болды

ашық дереккөзі

Тұмаудан 50 адам қайтыс болды

Чехияда 3 аптаға созылған тұмау эпидемиясы салдарынан 50 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасап. Басқа азаматтармен салыстырғанда егде жастағы тұрғындарға тұмау ауыр тиюде. Себебі, бұл басқа дерттерді қоздырып жатыр. Сондықтан тұмаудан қаза тапқан 50 тұрғынның 43-і – 60-тан асқан азаматтар. Ал қалғандарының жасы 25-59 аралығында болды. Бұл туралы мемлекеттік медициналық институты хабарлады. Тұмау эпидемиясы кезеңінде Чехияның ауруханаларына сырқаты асқынған 199 азамат жеткізіліпті. Жалпы елде 100 мың тұрғынға шаққанда 1,95 мың адам тұмау жұқтырған. Көптеген ауруханада пациенттердің халін сұрап келушілерге кіруге рұқсат жоқ. Медиктердің болжамынша, елдегі тұмау эпидемиясы әлі бірнеше аптаға созылады. Айта кетейік, 2017 жылы Чехияда тұмау эпидемиясы 8 аптаға созылған. Салдарынан 144 тұрғын қаза тауып, 300-ге жуық азамат ауруханаға жеткізілген.