Нұрсұлтан Назарбаев Ресейдің Александр Невский орденімен марапатталды

Нұрсұлтан Назарбаев Ресейдің Александр Невский орденімен марапатталды

Нұрсұлтан Назарбаев Ресейдің Александр Невский орденімен марапатталды
ашық дереккөзі

Ресей президенті Владимир Путин «Нұрсұлтан Назарбаевты Александр Невский орденімен марапаттау туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы РФ президентінің баспасөз қызметі хабарлады. «Қазақстан-Ресей ынтымақтастығындағы жоспарлардың дамуына, еуразиялық интеграциялық үдерістерді алға жылжытудағы екіжақты ықпалдастыққа қосқан өлшеусіз үлесі үшін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Александр Невский орденімен наградталсын» делінген құжатта. Айта кетейік, бұған дейін мұндай аталмыш орденмен Беларусь президенті Александр Лукашенко марапатталған болатын. Мемлекеттегі жоғары марапат саналатын Александра Невский ордені патшалы Ресей кезінде 1725 жылдан 1917 жылға дейін қолданыста болды, кейін Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ерліктің қайталанбас үлгісін көрсеткен Қызыл Армия командирлеріне құрмет көрсету үшін марапат қайта жаңғыртылды. Арада 70 жылға жуық уақыт өткен соң РФ билігі 2010 жылы орденнің бұрынғы мәртебесі мен сипаттамасын бекіткен болатын. Александр Невский орденімен ресейлік қана емес, шетелдік мемлекет қайраткерлері де наградталады.