Белгілі журналист Ержұман Смайыл өмірден озды
Белгілі журналист Ержұман Смайыл өмірден озды
Президент сыйлығының тұңғыш лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Егемен Қазақстан» газетінде бас редактор, вице-президент болып қызмет атқарған белгілі журналист Ержұман Смайыл 70 жасында қайтыс болды.
Ержұман Өтешұлы Смайыл 1948 жылы 5 қаңтарда Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған. Қазақстан Республикасы Журналистика академиясының академигі, БАҚ саласындағы Президент сыйлығының тұңғыш лауреаты. Сондай-ақ Баубек Бұлқышев атындағы сыйлықтың лауреаты. Еңбек жолын «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің тілшісі болып бастаған. 1979-1987 жылдары - «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде редактордың орынбасары; 1987-2003 жылдары - «Егемен Қазақстан» газетінің бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары; бас редакторының бірінші орынбасары, бас редакторы. 2003-2010 жылдары «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» ашық акционерлік қоғамының президенті, вице-президенті қызметін атқарған. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
Қазақ журналистикасының ақтаңгері, бақұл болыңыз!