Елбасы Бозымбаевтан тәртіптік жазаны қайтарып алды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өткен жылдың күзінде елдегі бензин тапшылығына байланысты сөгіс алған энергетика министрі Қанат Бозымбаевтан тәртіптік жазаны қайтарып алды. Бұл туралы  РИА Новости хабарлады. 

«Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасы энергетика министрі Қанат Алдабергенұлы Бозымбаевқа берілген тәртіптік жаза қайтып алынды», — деп аталып өткен хабарламада.

Өткен жылдың қазанында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев отын дағдарысына, атап айтқанда, АИ-92 бензинінің тапшылығына  байланысты энергетика министрі Қанат Бозымбаевқа сөгіс жариялаған болатын. Ал энергетика вице-министрә Әсет Мағауов қызметінен босатылды.

 

Back to top button