ШҚО-да үш электр станциясы салынады

ШҚО-да үш электр станциясы салынады

ШҚО-да үш электр станциясы салынады
ашық дереккөзі
Алдағы 2 жылда Шығыс Қазақстан облысында үш жел электр станциясы салынады, деп хабарлады өңір әкімі Даниал Ахметов.   «ШҚО-дағы Жарма ауданында бірден екі жел электрстанциясы салынады. Біріншісі Жаңғызтөбе ауылында орналасады, қуаты  40 МВт болады, ол 200 МВт дейін көбейе алу мүмкіндігіне ие. Оның құны – Т18 млрд. 1600 га алаң бөлінген, ЖСҚ әзірленуде, ал нысан 2019 жылы пайдалануға беріледі. Екіншісі Шар қаласында, ол Т22,6 млрд. шығады. Ол бойынша ЖСҚ мемлекеттік сараптамада жатыр, оған өлшемі 33 га болатын жер телімі бөлінген. Жүзеге асыру мерзімі   2019 жыл. 2019 жылы Ұлан ауданы Таинты ауылында де жел электрстанциясы салынады», - делінген хабарда. Оның ақпарынша, сондай-ақ, қазіргі таңда ШҚО-да  EXPO-2017 көрмесінде таныстырылған алты жобаның екеуі жүзеге асырылуда. Бұл Зырян ауданындағы қуаттары сәйкесінше  24,9 және 21,6 МВт болатын Тұргысындағы ГЭС-1 және ГЭС-2. Екі жобаның жалпы құны – Т23,8 млрд. Қазір өңірде EXPO-2017 көрмесінде таныстырылған инновацияны зерттеу бойынша жұмыстар жандандырылды, Облыста энергетика, экология және сумен жабдықтау бойынша 26 жобаны енгізу мүмкіндігі қарастырылуда.