Жаңалықтар

2018-2019 оқу жылында қолданысқа енгізілетін оқулықтар таныстырылды

2018-2019 оқу жылында қолданысқа енгізілетін оқулықтар таныстырылды

2018-2019 оқу жылында қолданысқа енгізілетін оқулықтар қандай болмақ? Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы сараптамадан өтіп жатқан оқулықтардың алдын ала нұсқасын таныстырды.  />«ҚР БҒМ «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы қазіргі уақытта мемлекеттік сараптамадан өтіп жатқан 3, 6 және 8 сыныпқа арналған оқулықтардың «Қоғамдық бағалау» порталына орналастырылғанын хабарлайды»,-делінген орталық сайтында жарияланған хабарламада.

«Қоғамдық бағалау» порталы оқулықтардың сапасына қатысты сын-пікірлер мен ұсыныстарды қабылдауға арналған портал. Онда ата-аналар, сондай-ақ педагогтар сараптамадан өтіп жатқан оқулықтардың алғашқы нұсқасын қарып шығып, өз пікірлері мен ұсыныстарын қалдыра алады. Келіп түскен сын-ескертпелер, сондай-ақ кітаптардың сапасы мен мазмұнын жақсартуға қатысты ұсыныстар оларды өңдеу кезінде назарға алынатын болады.