Жаңалықтар

Италиядағы ереуіл: 200 мың медбике неге наразы?

ашық дереккөзі

Италиядағы ереуіл: 200 мың медбике неге наразы?

Италиялық медбикелер ереуілге шықты. Тәулік бойы елдегі ауруханалардың емдеу бөлімдері мен операциялық бөлмелері жабық тұрды.Фельдшерлер мен акушерлерді қосқанда барлығы 200 мың адам наразылыққа шыққан, деп жазады 24.kz.  Акцияны толассыз жауған жауын да тоқтата алмады. Орталық алаңға жиналған мамандар 9 жылда алғаш рет қайта қаралған жаңа ұжымдық еңбек шартына көңілдері толмай отыр. Наразылықтың негізгі себептері де осы. Төмен жалақы, ыңғайсыз кесте және әлеуметтік қамсыздандыру. Медбикелер демалыс уақытының санын көбейтуді, түнгі жұмыс кестесіне төлемнің көлемін арттыруды және жаңа қызметкерлерді алуды талап етіп отыр. Бүгінде Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының мәліметіне сай, Италияда 70 мыңға жуық медбике жетіспейді. Себебі экономикалық дағдарыс және көптеген бюджеттік қысқартудан итальяндық денсаулық сақтау жүйесі айтарлықтай құлдырап жатыр. "Жұрт елдің денсаулық сақтау жүйесі жұмыс істеп тұрса болды, бастысы сол деп ойлайды. Бірақ шыдамның да шегі бар ғой. Егер барлығы жақсы болса, біз мұндай нөсердің астында тұрмас едік. Италияның түкпір-түкпірінен мыңдаған медбике мен акушер жиналмас еді", - дейді Италия медициналық қызметкерлер кәсіподағының өкілі Фауста Пилери.