"Астана" велоклубы жабыла ма?

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен құрылған «Астана» велоклубы қаржыдан тарлық көріп, жабылу алдында тұр. Бұл туралы команданың бас менеджері Александр Винокуров vesti.kz сайтына берген сұхбатында айтқан.

«Өте қиын ахуал қалыптасты. Бізбен келісімге отырған 30 шабандоздың алдында алған міндетіміз бар. Жаттықтырушылар, дәрігерлер, массажистер, механиктер мен тағы басқаларын қосқанда 50 адамнан асады. Жарыс өтетін жерге ұшып бару, онда тұру, логистика – осылардың барлығына керек шығынды кейінге ысыруға болмайды, қаржыландыру кешіксе команданың жұмысы тоқтап қалады, ал алда маусымның ең маңызды жарыстары тұр» деген Винокуров.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button