Биыл қанша тонна мұнай өңделеді?

Биыл қанша тонна мұнай өңделеді?

Биыл қанша тонна мұнай өңделеді?
ашық дереккөзі
2018 жылдың екінші жартыжылдығында жанар-жағармай өнімдерін экспортқа шығаруға мүмкіндік туады. Бұл туралы бүгін ҚР Энергетика министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Қанат Бозымбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бозымбаев 4-мұнай зауытына қатысты шешім қашан қабылданатынын айтты Қанат Бозымбаев 2018 жылғы мұнайдың болжамды құнын атады Мұнайдың әлемдік бағасы көтерілді «2017 жылдың басты оқиғасы Павлодар мен Атырау мұнай өңдеу зауыттарын реконструкциялау және жаңғырту жобаларының аяқталуы болды. 2018 жылы Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғыртуды аяқтау жоспарланған. 2018 жылы мұнай өңдеу көлемі 1,1 млн тоннаға артып, 16 млн тоннаны құрайтын болады», – деді министр. Оның айтуынша, еліміздің жаңғыртылған барлық мұнай өңдеу зауыттары  жобалық қуатына шыққаннан кейін 2018 жылдың екінші жартыжылдығынан бастап ішкі нарық мұнай өнімдерімен қамтамасыз етіледі. Бензинге, дизель отынына және авиакеросинге тәуелділік жойылады. Терең қайта өңдеу көлемі 63-тен 83 пайызға дейін артады. К4 және К5 экологиядық санатындағы өнімдер шығарылады және жанар-жағармайды экспортқа шығару мүмкіндігі туады. «Ішкі нарықта отандық жанар-жағармаймен қамтамасыз ету бензин бойынша 90, дизель отыны бойынша 90 және авиакеросин бойынша 70 пайызды құрайтын болады», – деді ол.