Астанада 3 мың камера қар тазалаушылардың жұмысын бақылайды

Астанада 3 мың камера қар тазалаушылардың жұмысын бақылайды

Астанада 3 мың камера қар тазалаушылардың жұмысын бақылайды
ашық дереккөзі
Бұдан былай Астана мониторинг және жедел әрекет ету орталығы қаладағы қар тазалаудың сапасын бақылап отырады. Коммуналдық қызметтің жұмысын мониторингілеу қалалық бейнебақылау жүйесінің көмегімен онлайн режимде жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.  3000-ға жуық камера қаладағы жолдар мен тұрғын үйлердің кіреберіс аумағын, ішкі кіреберіс пен балалар алаңын қалай тазалап жатқанын бақылайды. Тазаланбаған ауланы анықтаған жағдайда мониторинг орталығының операторлары ол жерге қар тазалайтын көлік пен жұмысшыларды жібереді. Бейнебақылаудың жалпы жүйесіне әзірге Үркер мен Көктал тұрғын алаптары ғана қосылған жоқ.  Айтпақшы, тұрғындарға қолайлы болу үшін қаланың коммуналдық қызметіндегі қар тазалау жұмысы тәулік бойы жүреді.  «Астана Тазалық» ЖШС мәліметінше, қаланы қардан тазалауға 300 жұмысшы мен 256 арнайы техника жұмылдырылған. Қыс басталғалы астананың үш ауданынан полигонға 2 421 266 текше метр қар шығарылды. Астана әкімдігі барлық тұрғын үй-коммуналдық мәселеге қатысты, оның ішінде қар шығару үшін тәулік бойы жұмыс істейтін қалалық Мониторинг және жедел әрекет ету орталығына, саІІ-орталықтағы 109 номеріне қоңырау шалуға болатынын еске салады.  Сонымен бірге Астана әкімдігі үйдің жанындағы тазартылмаған қарды шығару үшін өз үйіңіздің ПИК (басқарушы компания) жүгіну қажет екендігін еске салады.