Жаңалықтар

Олимпиада-2018: Қазақ қызы Беларусь құрамасына алтын сыйлады

ашық дереккөзі

Олимпиада-2018: Қазақ қызы Беларусь құрамасына алтын сыйлады

Пхенчханда өтіп жатқан ақ Олимпиадада Беларусь құрамасы атынан сынға түскен Қазақстан тумасы Динара Әлімбекова алтын медаль иеленді. Кеше Олимпиада ойындарында әйелдер арасындағы биатлоннан соңғы жарыстар өтті. Аталған сайыста беларусь спортшылары қарсыластарынан оқ бойы оза шауып, алтыннан алқа тақты. Олардың қатарында қазақ қызы Динара Әлімбекова да бар. 22 жастағы Әлімбекова Қарағанды облысындағы Абай қаласында туған. Үш жасында ата-анасымен бірге Беларуське қоныс аударды. Қазақ қызы Беларусь Республикасының спорт шебері, юниорлар арасындағы әлем чемпионы. Алтын медаль иеленген биатлоншыларды Беларусь президенті Александр Лукашенко құттықтап үлгерді. Мемлекет басшысы қыздарды "Жеке ерлігі үшін" орденін тапсырды, ал Әлімбекова, Скардино мен Кривко еңбек сіңірген спорт шебері атағын алды. "Қыздар, сіздер нағыз ерлік жасадыңыздар! Әрқайсыңыз ел намысы сынға түскен сәтте аянып қалған жоқсыздар", – деді Лукашенко.