Жемқорлық индексі: Қазақстан тоғыз орынға жоғарылады

Жемқорлық индексі: Қазақстан тоғыз орынға жоғарылады

Жемқорлық индексі: Қазақстан тоғыз орынға жоғарылады
ашық дереккөзі
Transparency International (TI) халықаралық ұйымы жыл сайын әлем назарына ұсынылатын Жемқорлықты қабылдау индексін жариялады.  2016 жылғы 131-орында тұрған Қазақстан тоғыз орынға жоғарылап, 2017 жылы 122-орынға шықты. Бұл туралы Орталық Азияның жаңалықтар қызметі хабарлады. 
Қазақстан 180 мемлекет қамтылған индексте аймақ бойынша Қырғызстан (135), Ресей (135), Өзбекстан (157), Тәжікстан (161) және Түркіменстаннан (167) озып тұр. Қазақстан 2016 жылғы есепте Иран, Непал, Ресей және Украинамен бірге 131-орында тұрған еді. Чехия (42), Грузия (46), Хорватия (57), Румыния (59), Черногория (64) және Беларусьтің (68) индекс бойынша көрсеткіштері Қазақстанмен салыстырғанда әлдеқайда жақсы. Индексте алдыңғы бестіккке Жаңа Зеландия, Дания, Финляндия, Норвегия және Швейцария енген. Ең төменгі орындарда Сомали, Оңтүстік Судан, Сирия, Ауғанстан және Йемен тұр. Зерттеу бойынша, орташа есеппен 66 балл жинаған Батыс Еуропа аймақтар бойынша алға шыққан. Шығыс Еуропа мен Орталық Азияның орташа балы 34-ті құрайды. «Нәтижеге жасалған сараптама үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ-ты басып-жаныштау жемқорлық деңгейінің жоғары болуымен байланысты екенін көрсетіп отыр. Бүкіл әлемде жемқорлықпен күреспекке талпыныс бар болғанымен, көп елде бұл проблеманы шешуде алға ілгерілеу өте баяу жүріп жатыр» делінген Transparency International есебінде.