Елімізде 2 мыңға тарта елді мекен су астында қалуы мүмкін
Елімізде 2 мыңға тарта елді мекен су астында қалуы мүмкін
Елімізде 150-ге тарта елді мекенді су басу қаупі бар. Олардың басым бөлігі Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Алматы және Ақмола облысында орналасқан.
Бүгін Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз конференциясында Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин осылай деп мәлімдеді. Сондай-ақ сала өкілі өзендер бойында орналасқан 2 мыңға тарта елді мекенді су басу қаупі бар екенін алға тартты. Жалпы еліміз бойынша тасқынға тосқын болу үшін жеке құрамның 40 мыңдай қызметкері мен мың бірлік техника дайын. Дегенмен мамандар тұрғындарды аулаларын қардан дер кезінде тазартып, төтенше жағдайдың алдын алуға шақырып отыр.
"Биыл төтенше жағдайларға үкімет арнайы қоры құрылған. Оның көлемі 7 миллиард теңге көлемінде. Сонымен қатар әр өңірдің су тасқынының салдарын жоюға арналған бюджет бар. Жалпы алғанда республика бойынша бұл мақсатқа 24 миллирд теңге қарастырылып отыр", - дейді ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин.