Мектеп директорлары мен орынбасарларының жалақысы көбейеді

Мектеп директорлары мен орынбасарларының жалақысы көбейеді

Мектеп директорлары мен орынбасарларының жалақысы көбейеді
ашық дереккөзі
Мектеп директорлары мен орынбасарларының жалақысын көтерілуі мүмкін. Бұл туралы Мәжілісте мұғалім мамандығының беделін арттыру мәселелері талқыланған жиында айтылды.  "Мемлекет басшысының жолдауда берген тапсырмасына сәйкес, мұғалімдердің үстемеақысы өсіп отыр. Бірақ мектеп директорлары мен олардың орынбасарларының еңбекақысына қатысты мәселе бар. Біз бұл мәселені аттестация арқылы шешуді жоспарлап отырмыз. Қазір мектеп директорлары азаматтық қызметкерлер ретінде үш жылда бір рет аттестациядан өтеді. Шағын мектеп болса да, үлкен мектеп болса да, тіпті директордың жұмысының тиімділігіне де қарамастан оның жалақысы өспейді, үстемақы жоқ", — деді Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов. Оның айтуынша, Білім және ғылым министрлігіндегілер мектеп директорлары мен олардың орынбасарларының еңбекақысын дифференциялдау мүмкіндігін қарастырып жатыр. Елбасы биылғы жолдауында білім берудің жаңартылған мазмұнына көшкен ұстаздардың лауазымдық жалақысын 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 30 процентке көбейтуді тапсырған болатын. Сонымен қатар 2018 жылы категориялар арасындағы алшақтықты арттырып, мұғалімдер үшін біліктілік деңгейін ескеретін категориялардың жаңа кестесі енгізіледі. Нәтижесінде, мұғалімдердің жалақысы біліктілігінің расталуына байланысты тұтастай алғанда 30 проценттен 50 процентке дейін өседі.