"Крутой" нөмірлер қымбаттады

"Крутой" нөмірлер қымбаттады

"Крутой" нөмірлер қымбаттады
ашық дереккөзі
Көлік жүргізушілері арасында біркелкі сандардан және бірдей әріптерден тұратын мемлекеттік тіркеу нөмірлеріне қызығушылық жоғары. Ресми сатылымға шығарылған ерекше нөмірлердің құны былтырғы жылмен салыстырғанда айтарлықтай өскен. Бұған айлық есептік көрсеткіш көлемінің ұлғаюы себеп.  ІІД Әкімшілік полиция басқармасының мәліметіне сүйенсек, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап «Салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы  Салық кодексі күшіне енгізілді, оның 615-бабына сәйкес мыналарды бергені үшін мемлекеттік баж ставкалары: автомобильге берілетін 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707  санды белгілері бар мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері (бұдан әрі  – МТНБ) 57 АЕК-ні; 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 санды белгілері бар бірдей әріптік белгілерімен автомобильге берілетін МТНБ  – 114 АЕК-ні; автомобильге 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 санды белгілері бар МТНБ  – 137 АЕК-ні; 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 санды белгілері бар бірдей әріптік белгілерімен автокөлікке берілетін МТНБ – 194 АЕК-ні; автомобильге берілетін 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 санды белгілері бар МТНБ – 228 АЕК-ні; автомобильге берілетін 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 санды белгілері бар бірдей әріптік белгілерімен МТНБ – 285 АЕК-ні; автомобильге берілетін (001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 707, 777, 800, 888, 900, 999 санды белгілері бар мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін қоспағанда) бірдей әріптік белгілерімен МТНБ – 57 АЕК-ні құрайды. Бұл ретте Қазақстан Республикасы ІІМ 2014 жылғы  2 желтоқсандағы № 862 бұйрығына сәйкес көлік құралдары иелерінің қолда бар жоғары сұранысқа ие МТНБ тізбесіне қолжетімділігі тиісті ақпаратты ТЕБ пен Мемлекеттік корпорация үй-жайларында стендтерде және ақпараттық тақталарда, сондай-ақ ІІО-ның интернет-ресурстарында орналастыру жолымен ұйымдастырылады. Көлік құралының иесі жоғары сұранысқа ие МТНБ-ның цифрлық және (немесе) әріптік белгіленуін таңдауға құқылы. Иесі жоғары сұранысқа ие МТНБ-ның цифрлық және (немесе) әріптік белгіленуін таңдаған көлік құралын тіркеу МТНБ дайындағаннан кейін жүргізіледі. Ағымдағы жылдың қантар айында әр облыста шамамен 5 данадан жоғары сұраныстағы МТНБ тапсырысқа берген.