40-қа жуық қазақстандық сайтқа кибершабуыл жасалған

40-қа жуық қазақстандық сайтқа кибершабуыл жасалған

40-қа жуық қазақстандық сайтқа кибершабуыл жасалған
ашық дереккөзі
Елімізде 40-қа жуық сайтқа хакерлік шабуыл жасалған. Бұл деректі Кибер шабуылдарды тексеру және талдау орталығының мониторинг жүйесі (WebTotem) анықтады. Бұзылған сайттар KZ домен аймағына тиесілі және «Wordpress» платформасында болған. Зақымданған сайттардың 15-ке жуығын «mohamed.xo» никін пайдаланатын хакер бұзған. Ол ресурстарды олардың PS.KZ компаниясындағы бір серверді пайдаланатыны байланыстырады. Қалған 25 сайтты «Am!Ne» никін пайдаланған хакер бұзған. Ол шабуылдаған сайттардың көпшілігі HOSTER.KZ ортақ серверінде, сондай-ақ  PS.KZ және IDNET серверлерінде болған. Бір қызығы, бұзылған сайттардың тек бесеуі ғана дефейс болғанын тәулік ішінде білдірген. «Серверлерге кіру мүмкіндігінсіз қандай шабуыл әдісі қолданылғанын кесіп айту қиын. Біздің Орталықтың сарапшылары «зақымданған» ресурстар жайлы алдын ала болжамдарын білдірді. Олардың айтуынша, ол сайттардың көпшілігінде рұқсатсыз кірудің бірнеше амалы бар әрі қорғанысының жалпы деңгейі төмен. Кибер шабуылдарды тексеру және талдау орталығы кәсіби мамандарға жүгінуге кеңес беріп, сайт иелеріне CMS және плагиндерін дер кезінде ауыстыру қажеттігін ескертеді», - делінген хабарламада.