Қырғызстан ұлттық бас киімін шетелде тіккізуге тыйым салмақ

Қырғызстан ұлттық бас киімін шетелде тіккізуге тыйым салмақ

Қырғызстан ұлттық бас киімін шетелде тіккізуге тыйым салмақ
ашық дереккөзі
Қырғызстан ұлттық бас киімін шетелде тіккізуге тыйым салмақ. Қырғызстанның мәдениет, ақпарат және туризм министрлігі ұлттық ақ қалпақты мәдениеттің белгісі ретінде мәртебе беріп, сырттан әкелуге тыйым салуды көздейді. Қаулы жобасы қоғамдық талқылауға ұсынылды. Мәдениет министрлігі бұл ұсыныстың мақсаты ұлттық дәстүрді қолдап, қырғыз халқының абыройын көтеру арқылы құндылықтарымызды кеңінен насихаттау деп атап өтті. Осы арқылы болашақ ұрпақты рухани тәрбиелейміз дейді. «Соңғы кезде ұлттық бас киімге сый-құрмет көрсетпейтін оқиғалар көбейіп кетті. Жеке кәсіпкерлер көрші елдерден дайын ақ қалпақты әкеліп, сатады. Олардың бәрі сапасыз. Бұл шетелдік қонақтарға ұлттық бас киімдерімізді таныстыруда кері әсерін тигізеді», - делінген министрлік ұсынған қаулыда. Осының алдында парламентте бірқатар депутаттар ел президенті мен спортшыларды шетелде ұлттық бас киім киіп жүруді міндеттеу керек деп ұсыныс жасаған. Қырғызстан 5 наурызда Ақ қалпақ және қырғыздың ұлттық киімдері күнін атап өтеді.