19 Ақпан 2018, 14:19 4090 0 Әдебиет Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

«Абайдың асыл мұрасы» атты республикалық сайыс өтеді

Абай Құнанбайұлының қара сөздерін мәнерлеп оқудан «Абайдың асыл мұрасы» атты республикалық сайыс өтеді. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласында айтылған идеялардың аясында, халқымыздың тереңде жатқан тарихына көз жіберіп, ұлттық жадымызды жаңғыртуға ел болып атсалысу сіз бен біздің міндетіміз.

Өткенін білмеген ел, ертеңіне сергек қарай алмасы анық. Қазақ елінің қарыштап өсіп, кемелденуіне өзіндік үлес қосқан, елі мен жері үшін жан беруге дайын дара тұлғаларға қазақ даласы кем болған емес. Солардың бірі, қазақ сөз өнерінің биік шыңы, бас ақынымыз Абай Құнанбайұлы екенін өзіңіз жақсы білесіз. Жаһандану үдерісінде өскелең ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарымызды Абай арқылы сіңірер болсақ, олардың болашағына алаңсыз қарауға болады. Оның терең мағыналы философиялық ойлары мен салмақты қара сөздері жастарымызға рухани тәрбиенің қайнар көзі іспетті.

Осы сынды еліміз үшін маңызы зор бірнеше  мақсаттардың негізінде  «Тәуелсіз ел жастары» қоғамдық қоры 23.02.2018 жыл күні сағ: 9:00-17:00-де Алматы қаласы Қазақстан Жазушылар одағының мәжіліс залында  «Абайдың асыл мұрасы» атты республикамыздағы мектеп оқушылары арасында Абай Құнанбайұлының қара сөздерін мәнерлеп оқудан  өтетін сайыс ұйымдастырмақ.  Сайыс барысында республиканың түкпір-түкпірінен келген 5-11 сынып аралығындағы 150-ге жуық оқушы Абай Құнанбайұлының қарасөздерін жатқа оқып, мағынасына үңілмек. Сайысқа белгілі Абайтанушы, ф.ғ.к, «Хакім Абай» ғылыми-зерттеу институтының директоры Жабал Шойынбет, Қазақ және Шалқар радиоларының Алматы студиясы жетекшісі, айтыскер ақы Бақыт Жағыпар, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актер Болат Әбділманов қазылық ететін болады. Құрметті қонақтардың қатарында Әйгілі Абайтанушы Мекемтас Мырзахметов, жазушы Бейбіт Қойшыбай, Актер Бекжан Тұрыс сынды тұлғалар болады.

Осыған орай, дарынды жастардың байқауына ақпараттық қолдау білдірулеріңізді сұраймыз.

Соңғы жаңалықтар