Жаңалықтар

Дағыстанда 22 жастағы лаңкес шіркеуге келушілерге оқ жаудырды

ашық дереккөзі

Дағыстанда 22 жастағы лаңкес шіркеуге келушілерге оқ жаудырды

Дағыстанның Кизляр қаласында  Прощеное Воскресенье күнінде православ ғибадатхана келушілерге оқ атылды. 22 жастағы Халил Халилов  бес әйелді мерт қылды.  РИА Новости мәліметіне сүйенсек, төрт адам ауруханаға жатқызылған: екі әйел және Ресей гвардиясының екі жауынгері. Әйелдердің хәлі өте ауыр, ал полицейлер орташа деңгейде жарақат алған, травматология бөлімінде жатыр. Reuters агенттігінің мәліметінше, "Ислам мемлекеті" (Қазақстан, Ресей және т.б. елдерде тыйым салынған) террорлық ұйымы жаппай қырғын үшін жауапкершілікті мойынына алды. Шіркеуге келушілерге оқ атқан жігітті Ресей гвардиясы қызметкерлері оқиға орнында атып өлтірген. "Аңшы мылтығын ұстаған ер адам ғибадатханаға кірмек болғанда, оны көрген адамдар атыс шығаратынын түсініп, есікті жауып алды. Сол кезде ол сыртта қалған әйелдерді ата бастады", — дейді оқиға куәгерлерінің бірі.