Жақиянов кәсіби бокстан кетті

Жақиянов кәсіби бокстан кетті

Жақиянов кәсіби бокстан кетті
ашық дереккөзі
Кәсіби боксшы, WBA нұсқасы бойынша бұрынғы әлем чемпионы Жанат Жақиянов спорттағы мансабын аяқтады, деп хабарлайды  Sports.kz. “Мансабымды аяқтауға негіз болған себептер аз емес. Бұл туралы 3-4 ай бойы ойландым. Міне, бүгін тиісті шешім қабылдадым. Осы күнге дейін мені қолдап келген азаматтарға алғасымды білдіремін. Алдымен, мен жанкүйерлеріме алғыс айтамын. Сонымен қатар, бақилық болған бапкерім, Александр Николаевич Лебедевке алғым шексіз. Және бапкерлерім Рикки Хаттон, Майк Джексон, Виктор Ивановқа да алғыс білдіремін. Менеджерлерім Филипп Фондю мен Ерік Жайлауовқа рахмет айтамын. Бұл кісілердің барлығы да маған жан-жақты қолдау көрсеттті. Мен үлкен жолдан өттім. Қазір соны аяқтайтын уақыт жеткен тәрізді”,-деп мәлімдеді Жанат Жақиянов.