Жаңалықтар

Олимпиада-2018: Үздік бестік әзірге өзгеріссіз

Олимпиада-2018: Үздік бестік әзірге өзгеріссіз

Пхенчханда өтіп жатқан қысқы Олимпиадада жалпы командалық есеп бойынша алда келе жатқан елдер тізімі әзірге өзгеріссіз.

Үздік бес мемлекеттің көшін Германия бастап тұр. Неміс спортшыларының еншісінде 9 алтын, 2 күміс және 4 қола медаль бар. Екінші орынға 6 «алтын», 8 «күміс» және 5 «қоламен» норвегиялықтар орналасып отыр. Ал 6 алтын, 5 күміс және 3 қола медальдары бар Нидерланды құрамасы әзірге үшінші орында. АҚШ спортшылары төртінші келеді, олардың еншісінде 5 алтын, 1 күміс және 2 қола жүлде бар. ТОП-бестікті осы уақытқа дейін 4 «алтын», 5 «күміс» және 4 «қола» жеңіп алған Канада елі түйіндеп тұр. Ал 21-орынға орналасып отырған Қазақстан құрамасында әзірге бір қола медаль бар. Жалғыз жүлдені ел қоржынына 11 ақпан күні фристайлшы Юлия Галышева салған болатын. Айта кетейік, 9 ақпанда алауы тұтанған Ақ Олимпиада ойындарына Қазақстан спортшылары 57 жолдама жеңіп алған болатын. Олар спорттың 9 түрінен ел намысын қорғап жатыр. Олимпиада 25 ақпанда аяқталады.