Қазақстанның сыртқы қарызы қанша?
Қазақстанның сыртқы қарызы қанша?
Қазақстанның сыртқы қарызы 10 жылда 74,6 миллиард долларға өсіп, 168,9 миллиард долларға жеткен. Бұл туралы Ұлттық банктің ресми сайтында жарияланды.
"Қарыз шетел компанияларының мұнай және газ жобаларына байланысты фирмааралық берешектің өсуіне, үкімет пен экономиканың қаржыға жатпайтын секторындағы берешектің ұлғаюуына байланысты көбейген", - делінген хабарламада.
2017 жылы маусымда Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев елдің сыртқы қарызы 167,9 миллиард АҚШ доллары болғанын хабарлаған.
Бұның алдында ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов үкімет отырысында мемлекет қарызын қысқартуды 2022 жылға таман Ішкі жалпы өнімнің 26 пайызынан 23,7 пайызына дейін өсіру жоспарын жариялаған.
Министрлік мәліметі бойынша, Қазақстанда 18 миллионнан астам адам тұрады. Елде күнкөріс минимумы 2018 жылы қаңтарда 25 879 теңге (шамамен 80 доллар) болған.