Жаңалықтар

Макрон Сирияға соққы жасауға дайындалуда

ашық дереккөзі

Макрон Сирияға соққы жасауға дайындалуда

Франция президенті Эммануэль Макрон Сирияға бақылауды күшейтпек. Егер бұл елде химиялық қару қолданылғаны дәлелденсе, француздар оны дайындап шығарған нысандардың көзін жоймақ.  Макронның айтуынша, қазір француз билігінің қолында бейбіт тұрғындарға қарсы тыйым салынған қарудың қолданғаны туралы бұлтартпас айғақтар жоқ. Бірақ ресми Париж үкімет әскері химиялық қару қолданды деп күдіктенеді. Сондықтан бұл елдің арнайы қызметтері мен әскерилері Сириядағы жағдайды жіті бақылап отыр. Еске сала кетейік, қаңтар-ақпан айында «Сириядағы адам құқықтарын қорғау орталығы» Шығыс Гута мен Идлиб провинциясында химиялық қару қолданғаны туралы хабарлады. Құқық қорғаушылардың ойынша, оны үкімет әскері жүзеге асырған. Осыдан кейін АҚШ билігі шабуылды тергеу үшін 350 мың доллар бөлетінін жеткізді.