Индерланд министрі Путин жайлы өтірігі үшін отставкаға кетті
Индерланд министрі Путин жайлы өтірігі үшін отставкаға кетті
Нидерланд сыртқы істер министрі Халбе Зейлстра қызметінен кетті. Ол жақында Ресей президенті Владимир Путинмен 2006 жылы кездескені жөнінде өтірік айтқанын мойындады. Ол бұл өзінің абыройына қатты нұқсан келгенін, енді қызметін әрі қарай жалғастыра алмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.
Осының алдында Нидерланд сыртқы істер министрі De Volkskrant газетіне берген сұхбатында Путинмен 2006 жылы ешқашан кездеспегенін мәлімдеген. Ол сонымен бірге Ресей президентінен "Ұлы Ресей" құрамында Украина, Белоруссия, Қазақстан және Балтық елдері болу керек деген сөздерді ешқашан естімегенін де айтқан.
13 ақпан күні таңертең ТАСС агенттігі Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Нидерланд СІМ басшысымен 14 ақпанда Мәскеуде кездесуді жоспарлап отыр деп хабарлады.