13 Ақпан 2018, 18:05 466 0 Қауіпсіздік Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

Дональд Трамп ұшақ апатына байланысты Ресейге көңіл айтты

Дональд Трамп Ан-148 ұшағының апатқа ұшырауына байланысты Ресейге көңіл айтты. Телефон арқылы әңгімелесу кезінде Палестина, Солтүстік Корея мәселелері мен екі ел қарым-қатынасының сұрақтары талқыланған.

Дүйсенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинге телефон соғып, жолаушы ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты.

Президент Трамп АҚШ-тың Ресейге апат себептерін зерттеуге көмектесуге әзір екенін хабарлаған. Сонымен бірге Трамп Корей түбегін ядролық қарудан азат аймаққа айналдырудың маңыздылығына тоқталған. Бұл туралы Ақ үй мәлімдемесінде айтылды.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Путин мен Трамп Израиль-Палестина мәселесін талқылаған. Атап айтқанда, Путин аймақтағы жағдай "қазір біз ойлағандай еместігін" мәлімдеген.

Соңғы жаңалықтар