13 Ақпан 2018, 14:16 447 0 Спорт Анар ЛЕПЕСОВА

Галышева: Канада мен Ресейдің ұсынысынан бас тарттым

 ХХIII қысқы Олимпиадада еліміздің қоржынына алғашқы жүлде - қола медаль салған спортшы  Юлия Галышева журналистермен кездесті. 

Баспасөз мәслихатына Галышевадан бөлек фристайл могулдан Қазақстан құрамасының бас бапкерлері және өзге де құрама мүшелері, қазақстандық БАҚ өкілдері қатысты.

Отырыс барысында тілшілердің сұрағына жауап берген Олимпиада жүлдегері Галышева өзіне осыған дейін шетелден ұсыныстар түскенін, бірақ ешқашан азаматтығын өзге елге ауыстырмайтынын баса айтты.

"Маған осыған дейін Канададан, Ресейден ұсыныстар болған. Мен азаматтығымды ауыстырып, өзге елдің атынан сынға түсуге келіспедім. Алдағы уақытта да болмайды", - де атап өтті ол.

Ал өз кезегінде фристайл могулдан ұлттық құраманың бапкері Елена Круглыхина: "Юлияға азаматтығын ауыстыру туралы ұсыныс Сочи Олимпиадасының алдында сөз болған», деген сырдың бір ұшығын шығарды.

Естеріңізге сала кетейік, Юлия Галышева Пхенчхан Олимпиадасында Қазақстан қоржынына алғашқы жүлдені салған болатын

 

Соңғы жаңалықтар