Елімізде ипотекалық несие арзандайды
Елімізде ипотекалық несие арзандайды
Елімізде ипотекалық несие құнын арзандауы мүмкін. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек хабарлады.
«Ағымдағы жылы бұл бағдарламаны одан ары жүзеге асыру механизмдерін қайта қарастыратын боламыз. Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында біз сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерді жетілдіру бойынша жұмыстарды бастадық. Сонымен қатар баспананың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 2030 жылға қарай бір тұрғынды 30 шаршы метрге дейін баспанамен қамтамасыз ету көрсеткішіне жеткізу арқылы ипотекалық несиелеу құнын арзандату бойынша мәселелерді қарастырудамыз», - деді Жеңіс Қасымбек.
Министрдің айтуынша, ағымдағы жылы коммерциялық банктер құрылысшыларға 125 млрд теңге субсидияланған несие, сонымен қатар 105 млрд теңге ипотекалық несие беретін болады. «Банк секторының жандануы жыл сайын 250 млрд теңгеге дейін кредит беру көлемін арттырады, және «Тұрғын үй құрылыс жинақ» банкі салымшыларының үле
«Банк секторының жандануы жыл сайын 250 млрд теңгеге дейін кредит беру көлемін арттырады, және «Тұрғын үй құрылыс жинақ» банкі салымшыларының үлесін экономикалық белсенді халықтың 12 пайызына жеткізеді», - деді министр.