Алматылық тұрақтарға бірыңғай абонемент енгізілді

Алматылық тұрақтарға бірыңғай абонемент енгізілді

Алматылық тұрақтарға бірыңғай абонемент енгізілді
ашық дереккөзі
Алматылық жүргізушілер бұдан былай айына 12 мың төлеп, көлігін жабық тұрақтарға да, тротуар бойындағы тұрақтарға да кез-келген уақытта қоя алады.  «Ұзақ талдаудан соң қала бойынша бірыңғай абонемент жасау туралы шешім қабылданды. Енді жүргізушілер кез келген жерге 12 мың теңгеге көлігін қоя алады. Ал жеңілдік алатын санаттарды бізге Алматы әкімдігі белгілеп берді. Арнайы тіркеуден соң жүргізушілер ақы төлеуден босатылады», - деді «Алматы СпецТехПаркингСервис» ЖШС директоры Марат Пірінбеков. М.Пірінбеков қала тұрғындары тарапынан көптеген наразылық туып отырғанын да айтты. «Ақылы тұрағы бар аудандарда тұрғындар көлік қоя алмай қалды. Олардың көпшілігімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Енді тұрғындар айына 1 мың теңге төлеп, резиденттік келісімге отырады. Сонда 6 айда тұрғындар 6 мың теңге төлеп, көліктерін тұраққа қоя алады», - деді ол. Ол үшін тұрғындар «Алматы СпецТехПаркингСервис» ЖШС кеңсесіне келіп, резиденттік келісімге қол қоюы керек. Оның айтуынша, биыл бір айға төлегенде көше бойындағы тұрақ орнының бағасы 18 мыңнан 12 мыңға төмендеген. Бұған қоса, биылдан бастап паркоматтар артық ақшаны қайтаратын болады. «Паркоматтардың артық төлемді қайтармайтыны проблема. Бұл туралы наразылықтар өте көп. Бірақ паркомат банкомат емес. Әйтпесе, вандализм бар, оңай олжаға кенелгісі келетіндер де аз емес. Бұрын паркоматтар тек тиын қабылдайтын. Енді аппараттар қағаз ақша да алатын болды. Жақында паркоматтар төленген артық ақшаны мобильді телефонға қайтаратын болады. Ол үшін жүргізушілер мобильді қосымшаны жүктеуі тиіс», - деді Марат Пірінбеков.