Жаңалықтар

Қарашаңыраққа жаңа басшы тағайындалды

ашық дереккөзі

Қарашаңыраққа жаңа басшы тағайындалды

Қазақ өнерінің қара шаңырағы - М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрына жаңа басшы тағайындалды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2018 жылғы 12 ақпандағы бұйрығымен директор қызметіне Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, театр режиссері Асхат Максимұлы Маемиров келді. Бұл туралы театрдың баспасөз қызметі хабарлады. Асхат Маемиров – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, философия ғылымдарының докторы (PhD), «Болашақ» Президент стипендиясының иегері. Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын драма театр режиссері мамандығы бойынша аяқтаған. 2008 жылы Францияның танымал Université Sorbonne Nouvelle Paris 3 университетінде білім алып, Драма өнерінің Париж ұлттық консерваториясында тағылымдамадан өткен болатын. 2010 жылы Ресей театр өнер академиясында (ГИТИС) театр өнері магистрі дәрежесін қорғады.