Эксперимент: Күн сайын 30 құты кока-кола ішкен әйелдің ағзасында қандай өзгеріс болды?

Эксперимент: Күн сайын 30 құты кока-кола ішкен әйелдің ағзасында қандай өзгеріс болды?

Эксперимент: Күн сайын 30 құты кока-кола ішкен әйелдің ағзасында қандай өзгеріс болды?
ашық дереккөзі
Донна Ганнер есімді ұлыбританиялық әйел газды сусындарды шамадан тыс пайдалану неге әкеліп соқтыратынын тексеріп көру үшін 20 жыл бойы күн сайын 30 құты кока-кола ішкен, деп хабарлады "Мир-24" телеарнасы.
Әйел осылайша күн сайын бір киллограмм қант пен  4170 калория тұтынып отырған. Аптасына шамамен 70 литр газды сусын ішкен екен. 20 жылдың ішінде Донна Ганнер 70 мың долларға жуық қаржысын сусынға жұмсапты. Коланы ішкен уақыт ішінде британиялық 54-ші өлшемге дейін толған. Тәттінің салдарынан қант диабетіне шалдығыпты. Осы жағдайдан кейін Донна спортзалға жазылып, коланы ішуді тоқтатады. Өзгерісті көп күткен жоқ: британиялық өзінің 44-өлшеміне қайта оралды. Қазір ол сонша ақшаны саяхаттауға емес, газды сусынға жұмсағанына өкініп жүр.