Пхенчханда норовирус инфекциясын жұқтырғандар саны артты
Пхенчханда норовирус инфекциясын жұқтырғандар саны артты
Пхенчхан Олимпиадасында норовирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 177 адамға жетті. Бұл туралы ұйымдастыру комитетіне сілтеме жасап ТАСС хабарлады.
11 ақпан күні ауру жұқтырғандардың саны 158 адам болатын. «Жексенбіде аталған вирус 177 адамның бойынан табылған. Соңғы тәуліктің өзінде ғана ауырғандардың саны 19 адамға өскен. Дертке шаллдыққан 177 адамның 68-і толықтай жазылып, жұмыстарына қайта оралды»,-делінген хабарламада.
Норовирус салдарынан Олимпиада қоғамдық тәртібін күзететін 1200 адам жұмыстарынан босатылды.