Жаңалықтар

Еуро-2018: Қазақстан құрамасы үшінші орыннан қағылды

ашық дереккөзі

Еуро-2018: Қазақстан құрамасы үшінші орыннан қағылды

Футзалдан 2018 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдесі үшін өткен ойында Қазақстан құрамасы Ресейден ұтылып, үшінші орыннан қағылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ресей ойыншыларымен өткен кездесудің бірінші таймында есеп ашылмаған.

Ал екінші таймның орта тұсында Эдер Лима Ресей құрамасын алға шығарды.

Қақпаларына гол жіберіп алған Қазақстан құрамасы тайлы тұяғымен шабуылға шыққанымен ештеңе өндіре алмады.

Екі минут бойында өз қақпамыздың алдында табандап жатып алған жігіттер қорғаныстың үздік үлгісін көрсетіп, қақпаларына гол жібермеді.

Алаңдағы ойыншылар саны теңескен соң Қазақстан құрамасы ойыншыларында таразы басын теңестіруге төрт минут болған.

Алайда қазақстандық жігіттер Ресей қақпасынан саңлау таба алмады.

Осылайша Ресей құрамасы Футзалдан Еуропа чемпионатының қола жілдегері атанды.