Димаш тағы да Қытайдың ең танымал әншісі атанды

Димаш тағы да Қытайдың ең танымал әншісі атанды

Димаш тағы да Қытайдың ең танымал әншісі атанды
ашық дереккөзі
Еліміздің мақтанышы Димаш Құдайберген Top global Chinese music awards жүлдесінің "Жылдың ең танымал әншісі" номинациясында жеңіске жетті. Бұл туралы ол өзінің Инстаграмдағы парақшасында хабарлады.  «CCTV телеарнасы жыл сайынғы Top global Chinese music awards атты марапаттау кешін өткізуде. Бүгінгі кеште "Жылдың ең танымал әншісі" номинациясында екінші жыл қатарынан жеңімпаз атанып отырмын. Сіздерді қатты жақсы көремін, махаббаттарыңызға үлкен рахмет", - деп жазды Димаш Инстаграмдағы өз парақшасына. «Singer 2017» ән додасында екінші орын алғаннан кейін Димаштың Қытайда және басқа да елдерде танымалдылығы арта түсті. 2017 жылы ол Қытайдың бірқатар жүлделерін жеңіп алды. Өткен айда Димаш Құдайберген Қытайдағы Global golden chart awards салтанатты кешінде «Үздік әртіс» номинациясында жеңімпаз атанған болатын. Сондай-ақ, желтоқсан айында Қытайда жас әншінің D-Dynasty атты әлемдік турнесі басталды.