Қазақстан азаматтары БАӘ-ге визасыз бара алады
Қазақстан азаматтары БАӘ-ге визасыз бара алады
30 наурыздан бастап Қазақстан азаматтары Біріккен Араб Әмірліктерінде 30 күнге дейін визасыз жүріп-тұра алады. Бұл руралы Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) Қазақстандағы елшілігі мәлімдеді.
Елшіліктің Twitter-дегі парақшасында «Қазақстан халқын 10 наурыздан бастап Қазақстан азаматтары үшін БАӘ-де 30 күнге дейін визасыз болу режимі күшіне енетінімен құттықтаймыз» деп хабарланды.
Бұған дейін Қазақстан сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов 2017 жылы БАӘ-мен «барлық төлқұжат түрі бойынша» визасыз сапарлау туралы келісім жасалғанын хабарлаған. Келісімді БАӘ-нің барлық әмірліктері мақұлдауы тиіс.
Қазақстан үкіметінің 2012 жылдың 21 қаңтарындағы №148 қаулысы бойынша, БАӘ азаматтары Қазақстанда визасыз 30 күнге дейін бола алады.