10 Ақпан 2018, 13:30 329 0 Денсаулық Анар ЛЕПЕСОВА

Германия азаматы бүйрегін ауыстыру үшін Шымкентке келді

 Шымкентте Германия азаматына бүйрек трансплантациясы жасалды, деп хабарлайды  "Астана" телеарнасы.  

Бұл ОҚО дәрігерлерінің шетел азаматына алғаш рет ота жасауы. 4 сағатқа созылған ота сәтті өткен. Науқасқа украиналық туысы донор болған.

Дәрігерлердің айтуынша, 50 жастағы шетел азаматын ота бағасының тым арзандығы қызықтырған. Ол 4,5 млн теңге. Ал Еуропа мен АҚШ-та бүйрек трансплантациясының орташа құны шамамен 60-70 мың доллар шамасында екен.

"Қазіргі таңда екеуінің де жағдайы дұрыс. Үйіне шығарайын деп жатырмыз, Құдай қаласа, шығады. Әрі қарай кезекте тұрған  Румыния азаматары келе жатыр, Болгариядан да адамдар келе жатыр", —дейді Шымкент қалалық ЖМКК ауруханасының бас дәрігері Мәди Бегалиев.

Шымкентте бүйрек ауыстыру операциясы 2013 жылдан бері қолға алынған. Содан бері жүзден астам адамның органы трансплантацияланды. Оның біреуіне мәйіт бүйрегі салынса, өзгелеріне  туыстары донор болған.

 

Соңғы жаңалықтар