Атбасарда көкек ана құдыққа 2 айлық сәбиін тастап кеткен

Атбасарда көкек ана құдыққа 2 айлық сәбиін тастап кеткен

Атбасарда көкек ана құдыққа 2 айлық сәбиін тастап кеткен
ашық дереккөзі
Ақмола облысында су арнасының жұмысшылары құдықтан қапқа салынған 2-3 айлық нәрестенің денесін тапты.  Бұл жантүршігерлік оқиға Атбасарда 7 ақпан күні болды. Үстінде сырт киімі бар, қапқа салынған нәрестенің денесі қаладағы Чапаев көшесіндегі ескі құдықтан табылған. Қыз баланың ол жерде қанша уақыт жатқаны белгісіз. Қалада бұрын-соңды мұндай жайт тіркелмепті. Жаға ұстатарлық оқиғадан шошып қалған тұрғындар баласын аяусыздықпен лақтырып кеткен көкек ананың көрші ауылдардан болуы мүмкін дейді. Сондай-ақ, бүлдіршінді құдыққа тастамас бұрын, басынан ұрып өлтірген деген болжам бар. Оқиғаны терезеден көрген Гүлнұр ЫБРАЕВА «кім болса да, туған баласын лақтырып кеткен ананы түсінбеймін» дейді.