9 Ақпан 2018, 10:43 646 0 Жаһан Анар ЛЕПЕСОВА

Қытай сақшылары ерекше көзілдірікпен қаруланды

Қытай полициясы ерекше көзілдірікпен қарулана бастады. Көзілдірік қылмыскерлерді анықтау үшін адамдардың бет-әлпетін сканерлейді. Жаңа құрылғы таратылған алғашқы күндері-ақ қылмыстық топтың жеті мүшесі мен жалған төлқұжаты бар 26 адам анықталған, деп жазады  «Комсомольская правда». 

«Ақылды» көзілдіріктерді тағып жүретін видеотехникаға маманданған LLVision Technology неміс компаниясы жасап шығарған. Олар жеке азаматтарға сатылмайды және тек құқық қорғаушы органдарға жеткізіледі. LLVision бұл сынақ ретіндегі үлгілер екендігін атап өтуде. Онда қазір 10 мың адамның дерегі сақталған.

Көзілдірік кісі тұлғасын 100 миллисекундтың ішінде анықтай алады. Онымен бір мезгілде, компанияның атқарушы директоры Ву Феи қылмыскерді дәл анықтауға «қоршаған ортадағы шу» кері әсерін тигізуі мүмкіндігін айтуда.   Қазіргі уақытта қытайлық ғалымдар құрылғының деректер базасына 1,3 млрд тұрғынға қатысты ақпаратты  енгізумен айналысып жатыр.

 

Соңғы жаңалықтар