БҰҰ: ИМ тобы әлі де қауіпті болып қала береді

БҰҰ: ИМ тобы әлі де қауіпті болып қала береді

БҰҰ: ИМ тобы әлі де қауіпті болып қала береді
ашық дереккөзі
Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) «Ислам мемлекеті» (ИМ) террористік ұйымы бұрынғысынша әлемге қауіпті болып қала береді деп мәлімдеді. Бұл жөнінде сәрсенбі күні Associated Press агенттігі хабарлайды. Болашақта ИМ соғысқысы келетін және шабуылдағысы келетін шағын топтың өкілдерін қатарына қосуға әрекеттенеді деп есептейді БҰҰ сарапшылары. Ал бұл уақытта Анкара полициясы ИМ-нің "ақпарат министрі" болып саналатын Омер Йетекті қолға түсіргенін хабарлады деп ақпарат таратады Anadolu агенттігі. Йетек ИМ қызметі жөнінде олардың бақылауындағы ақпарат құралдарына мәлімет беріп отырған. Ол сонымен бірге Түркияда бірнеше террористік актілер жасады деп күдікке ілінген. Ал Тәжікстан ІІМ-нің экс-командирі Гулмурод Халимовтың тағдыры әлі күнге дейін белгісіз. Былтыр Ресей қорғаныс министрлігі Гулмурод Халимовтың Дейр-эз-Зорда әуе соққыдан қаза болғанын мәлімдеген. Бірақ АҚШ мемлекеттік хатшысының Орталық Азия және Ауғанстан жөніндегі көмекшісі Генри С. Эншер Халимовтың өлімі жөнінде нақты ақпараттың жоқтығын айтқан. Былтыр жылдың аяғында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында арнайы өкіл Ян Кубиш үш жыл соғыстың ішінде ИМ Иракта және Сирияда 95 пайыз аумағынан айырылды деп мәлімдеген. Содырлар қарамағынан 7,5 миллион адамды азат еткен. Мыңдаған бейбіт тұрғын қаза тауып, көптеген қала жер бетінен жойылып кетті. 6 миллион адам үйін тастап, босып кеткен.