Солтүстік Корея олимпиадаға бір күн қалғанда әскери парад өткізді
Солтүстік Корея олимпиадаға бір күн қалғанда әскери парад өткізді
Пхёнчханда қысқы Олимпиада ойындарының басталуына бір күн қалғанда Солтүстік Корея әскери парад өткізді. Associated press мәліметіне қарағанда, оның дайындығына 10 мың әскери қызметін өтеуші қатысқан.
Әдетте Солтүстік Корея армиясының құрылған күніне орай жыл сайын 8 сәуірде өткізілетін парад биыл 8 ақпанға ауыстырылған.
Солтүстік Корея билігі сонымен қатар АҚШ пен басқа да елдердің олимпиада қарсаңында мұндай әскери шара өткізуге болмайтыны туралы ескертпесін елемей отыр.
Пхеньян бұған дейін Солтүстік Корея делегациясы Пхенчханда америкалық әріптестерімен кездесуге ынталы емесін мәлімдеген.
7 ақпан күні АҚШ вице-президенті Майк Пенс Солтүстік Кореяға қарсы жаңа экономикалық санкция дайындалып жатқанын хабарлаған. Ол Вашингтон Пхеньянды ядролық және зымыран бағдарамаларынан бас тартуға мәжбүрлей беретінін айтқан.