Астанада балалар астан уланған балабақшаны тексеріп жатыр
Астанада балалар астан уланған балабақшаны тексеріп жатыр
7 ақпан күні жергілікті БАҚ Астанада балабақшаға баратын кем дегенде 10 бала мен тәрбиешінің бірдей ауырып қалғанын хабарлаған. Ата-аналардың айтуынша, бір топта жүрген балалар құсып, іші өтіп, температурасы көтерілген. Ата-аналар дәрігерлердің балаларға ішек инфекциясы және баспа деген диагноз қойғанын айтады. «№36 «Балапан» балабақшасында 7 ақпан күні ата-аналар балалары астан уланған деген күдікпен шағымданды. Қазірге дейін жұқпалы аурулар ауруханасына тоғыз адам – жеті бала мен тәрбиелеуші және бала күтуші жатқызылды. Қалған балалар үйлерінде емделіп жатыр» деді Жанғозин. Басқарма басшысы улану себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылғанын, балабақша асханасы тексерілгенін, енді сараптама жасалатынын хабарлады.