Назарбаев Жээнбековпен әріптестік мәселелерін талқылады
Назарбаев Жээнбековпен әріптестік мәселелерін талқылады
Ақорданың ресми сайтында "Нұрсұлтан Назарбаев пен Сооронбай Жээнбеков әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегін, сондай-ақ екі елдің Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы өзара іс-қимылын талқылады. Мемлекеттер басшылары күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Сондай-ақ, тараптар алдағы кездесулер кестесін қарастырды" делінген. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков бұған дейін Астанада желтоқсанның соңында кездескен. Ол кездесуде бірлескен мәлімдемеге және қазақ-қырғыз шекарасын демаркациялау туралы келісімге қол қойылған еді. Президенттер сонымен қатар екі ел үкіметтері арасындағы қазақ-қырғыз шекарасындағы режим туралы да келісімге қол қойды. Сооронбай Жээнбеков 25 желтоқсанда Астанаға ресми сапармен келген.