ЖОО студенттері өз жатақханаларының шын бейнесін көрсетті

ЖОО студенттері өз жатақханаларының шын бейнесін көрсетті

ЖОО студенттері өз жатақханаларының шын бейнесін көрсетті
ашық дереккөзі
«Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанаты жоғары оқу орындары жатақханаларының рейтингін жасамақ. Студенттерден жатақханалардың шын бейнесін көрсететін суреттер жинақталып, сауалнамалар өткізілуде. Бұл туралы  «Жас Отанның» баспасөз қызметі хабарлады.  Осы жылдың қаңтар айынан бастап «Жас Отан» мемлекеттік оқу орындары жатақханаларында тұратын студенттер арасында әлеуметтік сауалнама өткізуді бастады. 10 сұрақтан тұратын сауалнамамен қатар, WhatsApp және Telegram жүйелерінде суреттер мен хаттарды анонимді түрде қабылдайтын сенім нөмірі орнатылды. «Акция бастау алған алғашқы екі аптада «Жас Отан» жастар қанатының аймақтардағы белсенділері «Қазақстан студенттерінің Альянсымен» бірлесе отырып, еліміздің 40 жоғары оқу орындарына қарасты 63 жатақхананы аралап, 2173 студенттен жауап алды. Бұл жатақханаларда әр тұрғынға есептелген минималды аудан көлемінің ережерлерге сай екені анықталды (жатақхана бөлмесінің адам басына шаққандағы минималды көлемі 6 м2 болуы шарт)», - делінген таратылған хабарламада. Жатақханалардың сыртқы ауласы мен ішінің тазалану жиілігіне байланысты сұраққа 2173 студенттің 1213-і - «жиі», 800-і «сирек» деген жауап қайырған. Ал жатақханалар сапасы бойынша 1410 адам «жақсы» деген баға берсе, 313-і «орташа» деген. Ал қалған жауап берушілер жатақханалар сапасына көңілдері толмайтынын айтқан. Шығыс Қазақстан облысының бірнеше оқу орнында санитарлық ережелердің бұзылу фактілері тіркелген. Жуыну бөлмелерінің нашар жағдайы, күрделі жөндеу жұмыстарының қажеттілігі, ас бөлмелерінің тазалық деңгейінің төмендігі секілді мәселелер анықталды. Акцияны жүзеге асыру барысында көтерілген маңызды мәселелердің бірі - жатақхана жетіспеушілігі. Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің өзінде 370 студент жатақханаға мұқтаж. Ал Оңтүстік Қазақстанда 23 студентке жатақханада орын табылмаған. «Ұйымдастырушылар жатақханаға мұқтаж студенттер саны көрсетілгеннен әлдеқайда жоғары екеніне сенімді. Сондықтан жасотандықтар жастардан оқу бағасына әсер етуі мүмкіндігінен немесе университетте түрлі кедергілерге тап болудан еш қорқынышсыз сауалнамаларға жауап берулерін сұрайды. Шара жыл бойы жалғасын табады», - деп атап өтті «Жас Отан» өкілі.  width=