Даниал Ахметов 50 әкімге дәріс оқыды

Даниал Ахметов 50 әкімге дәріс оқыды

Даниал Ахметов 50 әкімге дәріс оқыды
ашық дереккөзі
Шығыс Қазақстаy облысының 100 ауылдық округі жаңа жылдан бастап дербес бюджет алған болатын. Дәл осы округтердің әкімдері Өскеменде кезең-кезеңмен біліктіліктерін шыңдауға кірісіп кетті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.  Бірінші кезекпен келген 50 әкімге алғашқы дәрісті облыс әкімі Даниал Ахметов оқыды. Дәріс елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың маңызын, бюджетті құру, бекіту және орындау сияқты ауқымды тақырыптарды қамтыды қамтыды. «Биыл дербес бюджет алдыңыздар. Енді ауылдастарыңыздың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін мемлекетік менеджер ретінде сіздер шешесіздер. Біліктіліктеріңізді арттыру үшін арнайы бағдарлама жасадық. Өңірлік басқарма басшылары да сіздермен жұмыс жасайды. Солар дайындап берген іс-әрекет алгоритмі бойынша жұмыс істейтін боласыздар», - деді Даниал Ахметов. ШҚО әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, семинар төрт бөлімнен тұрады. Бірінші кезеңде ауыл әкімдері Қазақстанның тарихи дамуы мен қалыптасуындағы мемлекеттік үрдістермен танспақ. Екінші бөлім мемлекеттік жоспарлау мен үкіметтік бағдарламаларды орындау тәсілдерін қамтиды. Қалған екі бөлімде әкімдер мемлекеттік қолдау мен коммуналдық меншікті басқару механизмін үйренеді.