Cенатор болдым, мінеки...

Cенатор болдым, мінеки...

Cенатор болдым, мінеки...
ашық дереккөзі
 Орталық сайлау комиссиясы Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлыны ҚР Парламенты Сенатының депутаты ретінде тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Президент жарлығымен 2018 жылдың 1 ақпанында тағайындалған Парламент сенатының депутатын тіркеу бойынша Берік Имашевтың төрағалығымен Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті. «Орталық сайлау комиссиясы отырысында Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлыны ҚР Парламенты Сенатының депутаты ретінде тіркеу жөнінде қаулы қабылданды.  Сонымен қатар, отырыста ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Әшімбаев Мәулен Сағатханұлының өкілеттілігін тоқтату мәселесі қарастырылды. Депутаттың өтініш беруі негізге алынып, М. Әшімбаевтың ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттық өкілеттілігі мерзімнен тыс тоқтатылады», - делінген ОСК баспасөз қызметі таратқан хабарламада. ҚР Конституциясы 52-бабының 5 тармағына сәйкес, ҚР 1995 жылғы 25 қазандағы «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәптебесі» туралы Конституциялық заңға сәйкес және М. Әшімбаевтың өтініші негізінде, ҚР Оталық сайлау Комиссиясы ҚР Парламенті Мәжілісіне Әшімбаев Мәулен Сағатханұлының өкілеттілігін мерзімнен тыс тоқтату мәселесі бойынша ұсыным жөнелтеді.    Еске сала кетейік, Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалған болатын.  Сондай-ақ, Елбасы «Нұр Отан» партиясы Төрағасының жаңа бірінші орынбасарын таныстырған еді.