Жаңалықтар

Әлиев сайлау өткізуге асықты

ашық дереккөзі

Әлиев сайлау өткізуге асықты

Әзербайжанда мерзімінен бұрын президент сайлауы  11 сәуірге белгіленді. Әлиевтің неліктен мұндай шешім шығарғаны белгісіз.  Бұл елде президент сайлауы заң бойынша қазанның 17-сі күні өтуі тиіс болған еді. Елдің қазіргі президенті Әлиевтің 5 ақпанда шығарған жарлығы бойынша, сайлауды ерте өткізу «Әзербайжан Конституциясы мен сайлау туралы заңына сай келіп тұр». Әзербайжан Конституциясы 2016 жылы қыркүйекте өткен даулы референдум бойынша өзгертіліп, Әлиев мерзімінен бұрын сайлау белгілеу құқығына ие болған. Ал былтыр желтоқсанда елдің сайлау туралы заңына енгізілген өзгерістерге сай, мерзімінен бұрын президент сайлауы 60 күн бұрын жариялануы тиіс.