Өзбекстан киногерлері қазақ-өзбек достығы туралы фильм түсірмек

Өзбекстан киногерлері қазақ-өзбек достығы туралы фильм түсірмек

Өзбекстан киногерлері қазақ-өзбек достығы туралы фильм түсірмек
ашық дереккөзі
Өзбекстан киногерлері  Қазақстан туралы бірнеше бағытта тың туындылар түсіруге ниетті. Бұл туралы «Өзбеккино» ұлттық агенттігінің басшылығы  елшімен кездесу барында мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz. Басқосуда екі ел арасындағы мәдени байланысты одан әрі нығайту мақсатында арнайы жол картасын жасау жайы да сөз болды. Онда кино саласындағы байланыстың негізгі бағыттары мен мақсаттары көрсетіледі. Жобаны жүзеге асыру үшін сценаристер мен кино режиссерлер және операторлардан жасақталған бірлескен шығармашылық топ құру жайы да айтылды. Көршілер қазірдің өзінде ұлттық батырлары Жалаледдин Мангуберди жайлы түсіріп жатқан киносының басым бөлігін Қазақ жерінде түсіруді жоспарлап отыр екен. Туынды арқылы бауырлас елдердің тарихы мен мәдениетінің бір екенін көрсетеміз,- дейді режиссерлар. Ең бастысы, биыл Өзбекстанның Қазақстандағы жылы аясында біздің елде өзбек киносының күндері ұйымдастырылады. "Шын мәнінде біз Қазақстандық достарымызбен бірге кино саласында көп нәрсе атқаруымыз қерек. Өйткені қазақ халқымен тамырлас, тұтас діңгек болып бірігіп, байланысып жатырмыз деуге болады. Біздің тіліміз де, дініміз де, салт-дәстүріміз де дүниетанымымыз да бір-біріне жақын. Сондықтан біз  қазірден бастап болашаққа бағдар жасауымыз қажет", - дейді «Өзбеккино» ұлттық агенттігі бас директорының бірінші орынбасары Шухрат Ризаев.