Жаңалықтар

Астана әуежайында 18 рейс бөгеліп, 10 рейс тоқтатылды

ашық дереккөзі

Астана әуежайында 18 рейс бөгеліп, 10 рейс тоқтатылды

Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайға ұшып келетін және кететін 18 рейс бөгелді, 10 рейс уақытша тоқтатылды. Бұл туралы әуежай сайтындағы хабарланды. Онлайн-табло деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта 5 ақпан күні таңғы 5-ке дейін ұшуы тиіс рейстер арасында Ақтөбеден, Алматыдан, Бангкок, Шымкент, Жезқазған және Тблисиден келетін 10 әуе рейсі кешігуде.  Алматы мен Петропавлдан келетін бес рейс тоқтатылды. Сондай-ақ, Жезқазғанға, Қостанайға, Алматыға, Лондонға, Шымкентке, Франкфуртке ұшуы тиіс 8 рейс бөгеліп жатыр және Петропавл мен Алматыға ұшатын бес рейс тоқтатылды. Анықтама бөлімі бұл бөгелістерді ұшақтардың кеш келуімен түсіндірді, ал рейстерді тоқтату туралы шешімді әуе тасымалдаушылар қабылдаған. Сонымен бірге, Алматы әуежайы 4 ақпан, сағат 12-де айналаның көрінбеуінен бірқатар рейстердің кешігіп жатқанын хабарлады. "Қазіргі ауа райында әуе жолы 600-1000 метр, тігінен 40 метр ғана көрінеді. Әуежай жабылған жоқ және Халықаралық азаматтық авиация ұйымының ІІІ санаты бойынша жұмыс істеп тұр. Ұшып келу және кету рейстерінің кешігуіне әуе кемелері экипажында сәйкес рұқсатнамалардың болмауы себеп болып отыр.  Ұшу немесе қону туралы шешімді әуе кемесінің командирі ауа райы мен рұқсатнамаға сәйкес қабылдайды. Шамамен 13:00-де ауа райы жақсарады деп болжануда", - деп түсіндірді баспасөз қызметі.