3 Ақпан 2018, 09:52 636 0 Жаһан Анар ЛЕПЕСОВА

Францияда әуе апатынан 5 адам мерт болды

Францияда бес адам әуе апатынан қаза тапты, деп хабарлайды Euronews. Елдің оңтүстік батысында құрылықтағы әскерлерге қарасты жеңіл авиация училищесіне тиесілі екі әскери тіқұшақ соқтығысқан. 

Олардың бірі толықтай қирап, екіншісі жанып кетті. Қайғылы жағдай Карсэ көлі маңындағы Сен-Тропе курорттық қаласынан 50 шақырым қашықтықта болған. Апат болған жерге құтқарушылар мен әскери қызметшілер, сондай-ақ іздеу тікұшақтары барды. Қаза тапқандардың отбасларына Франция президенті мен қорғаныс министрі көңіл айтты. Қазіргі уақытта апаттың себеп-салдарын анықтау жұмыстары жүріп жатыр.

 

Соңғы жаңалықтар